Kyzylorda-news.kz. Баренц теңізі аудандарындағы белсенді циклон жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкеледі, Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Сондай-ақ, көктайғақ, қатты жел бұрқасынмен бірге, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, елдің орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да аса болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жел 15-20, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса болады.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік жартысында 30 м/с және одан да аса.
Қостанай облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-батысында 30 м/с және одан да асуы ықтимал Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстік-батыста, шығыста кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында 30 м/с және одан да аса болады.
Түнде оңтүстік-батыста, батыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с бұрқасынмен бірге күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте, облыс орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз батыста, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде батыста, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, облыстың солтүстік-батысында 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.