Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.