Kyzylorda-news.kz. 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі; оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар тұрады.
Кезең соңында солтүстік антициклон ығысып, Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін аяз күтіледі, шығыста 1-10 градус аязға дейін төмендейді.
