Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту жұмыстарын зерделеді.

2024 жылдан бастап Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейін Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайтып, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының 6,7 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын.  Мердігер мекемесі «Уад» ЖШС. 

Жобаға аясында 6,7 шақырым кеңейтілетін аумақта жол негізінің құрылысы жүргізіліп, асфальт қабаттары төселген. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 1,4 шақырымға жуық дамбаны нығайту жұмыстары жүргізілген және 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылған. Одан бөлек, 8 жерге демалыс орындары белгіленіп, жаттығу құрылғылары орнатылған.

Сонымен қатар, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін нығайтумен 2,9 шақырым автомобиль жол құрылысын жүргізу жоспарлаған.

Сенаторлар жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жауапты өкілдерге сапа мен мерзімді қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

Тәуелсіздікке 25 жыл жол құрылысы 2.jpg

Тағы да оқыңыз: