Kyzylorda-news.kz  ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, “AMANAT” партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов “Мансап” жеке меншік білім беру ұйымының өкілімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жеке мектептердің дамуын оқушыларға көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы және қаржыландырудың ашықтығы талқыланды.

Сенаторлар жеке білім беру ұйымдарының қоғамдағы орны мен рөлін атап өтіп, бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру үшін мемлекеттік және жекеменшік сектордың тең дамуы қажет екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында сенаторлар айтылған ұсыныстарды зерделеп, бұл мәселені заңнамалық деңгейде қарастырылатынын айтты.

Тағы да оқыңыз: