Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, “AMANAT” партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов Қызылорда облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сенат депутаттары заң шығару процесіндегі жаңалықтармен, қабылданған заңдардың өңірлердегі жүзеге асу барысымен таныстырып, Парламенттің жоғарғы палатасындағы жұмыс бағыттарын баяндады. Сонымен қатар, жергілікті өкілдік органдар мен орталық билік арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Мәслихат депутаттары өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, заңнамалық деңгейде қолдауды қажет ететін бастамалар бойынша ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, салықтық жүктемені оңтайландыру, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру салалары бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Сенаторлар барлық ұсыныстарды назарға алып, заң шығару жұмыстары барысында айтылған мәселелердің ескерілетінін білдірді.