Kyzylorda-news.kz Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, “AMANAT” партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік және мәдени маңызы бар жобалардың құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Депутаттар алдымен аймақ басшысының қолдауымен жаңартылып жатқан Тұңғыш Президент саябағының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аумағы 64,5 гектарды құрайтын Тұңғыш Президент паркі 2007 жылы ашылып, бүгінгі күнге дейін жаңғырту жүргізілмеген. Балалар ойын алаңы, орындықтар, жарықтандыру және т.б. қажетті құрылымдар жетіспейді. Ал, жаңа жобада жетіспеушіліктер толық қамтылып, Тұңғыш Президент паркі мен Денсаулық саябағы арасын жалғап, заманауи орынға айналдыру көзделген. 

Мәдени нысандар 2.jpg

Мұнан соң сенаторлар Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту жұмысын көрді. 2024 жылдан бастап Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейін Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайтып, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының 6,7 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі күні, қажетті қаржысы толық бөлініп, «Уад» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан бөлек сенат депутаттары Қорқыт ата атындағы саябағын абаттандыру жұмыстары мен облыс әкімінің қолдауымен қайта жаңғыртудан өткізілген қалалық мәдени және демалыс паркіндегі жұмыстарды да зерделеді.

Сенаторлар аталған нысандардағы жұмыстардың сапасына, жобалардың әлеуметтік маңыздылығына ерекше назар аударып, тиісті жауапты органдарға барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: