Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаты, “AMANAT” партиясының мүшесі Руслан Рүстемов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапары барысында Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстарын зерделеді.
Көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары басталып қазіргі таңда екінші қабатын көтеріліп жабу кезеңіне келді. 2025 жыл қазан-қараша айына құрылыс жобасы толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және Ангиограф құрылғысы орнатылса, 2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы 90.0% құрап отыр.
Депутат мердігер ұйым өкілдерімен, денсаулық сақтау мекемесінің басшылығымен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, жобаның іске асу барысын талқылады. Құрылыс қарқыны мен сапасына ерекше назар аударылды.
Сенатор өз сөзінде медициналық инфрақұрылымды жақсарту — халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы басты факторлардың бірі екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына тұрақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.