Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу өз мәресіне жетті.

«ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-де ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды. Осылайша кандидаттар ертеңнен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

ОСК ұсынған мәліметке сәйкес ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7% - ер, 30,3% - әйел.

Өңірлер бойынша кандидаттар саны:

Астана қаласы – 3 кандидат

Алматы қаласы – 5 кандидат

Шымкент қаласы – 3 кандидат

Абай облысы – 4 кандидат

Ақмола облысы – 3 кандидат

Ақтөбе облысы – 3 кандидат

Алматы облысы – 3 кандидат

Атырау облысы – 5 кандидат

БҚО – 3 кандидат

Жамбыл облысы – 5 кандидат

Жетісу облысы – 3 кандидат

Қарағанды облысы – 3 кандидат

Қостанай облысы – 3 кандидат

Қызылорда облысы – 3 кандидат

Маңғыстау облысы – 3 кандидат

Павлодар облысы – 3 кандидат

СҚО – 3 кандидат

Түркістан облысы – 4 кандидат

Ұлытау облысы – 3 кандидат

ШҚО – 3 кандидат

ҚазАқпарат

Тағы да оқыңыз: