Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Шиелі ауданындағы жұмыс сапарында аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан ардагерлері және мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.
Басқосуда Сенат депутаттары елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысы, заңнамадағы соңғы өзгерістер мен қабылданған заңдардың маңызы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері мен стратегиялық бағыттары түсіндіріліп, аудан активімен пікірлесті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы байланысты нығайтуға бағытталды.