Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Руслан Рүстемов, сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов келіп, еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
Кездесуде жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Сенаторлар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғыру үдерістеріне тоқталып, конституциялық реформаның басты мақсатын атап өтті.
Сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру реформалардың басым бағыттары екенін жеткізді.
Кездесу соңында сенаторлар еңбек ұжымдарының ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.
