Kyzylorda-news.kz. Бүгін қала әкімінің 2023 жылғы 22 тамыздағы “Жер - 2023” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқаулығына сәйкес “Жер - 2023” оқу-жаттығуының практикалық бөлімі N278 ақпараттық технология мектеп-лицейінде өткізілді.

Аталмыш оқу-жаттығуға 42 қызметкер, 7 техника және кинологиялық есеп жұмылдырылды. Сағат 9:00- де мектеп-лицейдің ғимаратында орналасқан БПО-600 құрылғысы арқылы  7 баллға дейінгі жер сілкінісі қаупі туралы дабыл белгісі қосылды. Шұғыл түрде оқиға орнында штаб құрылды. Одан соң 72 қызметкер мен 695 оқушы мектеп ғимаратынан эвакуация жолддары арқылы сыртқа шығарылды. Ғимарат ішінде қалған зардап шегушілер кинолог мамандарымен іздеп табылып, автосаты арқылы сыртқа шығарылды. Сыртқа шығарылған зардап шегушілер Апаттар медицинасы орталығының филиалының мамандарына тапсырылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жарақаты ауыр зардап шегушілер жедел-жәрдем мамандарына тапсырылды. Оқу-жаттығудың соңында, саптық жиналу барысында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арнап, нұсқаулар жүргізілді.

Сондай-ақ, “Сол жағалау” шағын ауданында практикалық оқу-жаттығуға қатысқан азаматтық қорғау және авариялық-құтқару құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері саптық қарауға қатысты. Оған қоса “Мерей” мөлтек ауданында темір жол көлігі арқылы халық пен автокөліктерді жөнелту барысы көрініс тапты. Оқу-жаттығу барысына жергілікті телеарна өкілдері де қатысып, арнайы телесюжет дайындады.
image-11-09-23-03-22-8.jpeg

Тағы да оқыңыз: