Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде жаяу бұрқасынмен, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжанады.
Ал Қызылорда облысында күн жауын-шашынсыз, өңірдің солтүстігінде тұман түседі.