Kyzylorda-news.kz.  28 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Барлық аймақта жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте найзағай болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. шаңды дауыл тұрады.

Тағы да оқыңыз: