Kyzylorda-news.kz. 22 тамыздан бастап күрішке орақ салу жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.
“Биылғы жиын-терім науқаны мерзімінен кешікпей басталды. Бүгінде 165 гектар күрішке орақ салынып, оның 35 гектары бастырылды. Әзірге егіннен әр гектарынан шамамен 40,0 центнерден өнім алынуда. Сондай-ақ, егін жинау жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасады. Басты міндет орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату”, – деді сала басшысы.