Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа, оң өзгерістер жасауға бағыт беретін үндеуі көпшілікке үлкен үміт әкелді. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті платформасында Қазақстан халқына үндеу жасап, жаңа кезеңге – жаңа реформалармен қадам бастық. Осыған орай Қармақшы аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева пікір білдірген болатын.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа, оң өзгерістер жасауға бағыт беретін үндеуін үлкен үмітпен күттік. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті платформасында Қазақстан халқына үндеу жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елдің жаңа үкіметі мен мемлекеттік органдар жүзеге асыратын әлеуетті міндеттер мен жұмыс бағыттарын атап өтті. Президент жолдауы, мәлімдемесі ешкімді бейжай қалдырмады. Себебі бұл мәлімдемеде қоғамдағы барлық топтарға, яғни үкімет басындағылар мен қарапайым халыққа қатысты мәселелер түгел қамтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саяси қадам жасау үшін реформа жасау қажет екенін айтқан еді. Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының жұмысына шұғыл түзету енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Елдің көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу тапсырылды. Президент реформасында халық, өзі күткендей, оң өзгерістер, жаңа лепті сезінді. «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы мәлімдемеде қамтылды. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдіміз. Халық тұтастығы мен бірлігін сақтау және елдің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Жаңа реформа елге келген жаңа леп деп түсінеміз», – дейді ол.
