Kyzylorda-news.kz “AMANAT ”партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен  партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Алқалы жиында облыстық филиалдың кезектен тыс ХХХV конференциясын шақыру, конференцияның күн тәртібін бекіту, филиал төрағалығына кандидат ұсыну және облыстық Саяси кеңесті шақыру туралы мәселелер қаралды. 

Бюро отырысында партияның облыстық филиалының  Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың аудан әкім болып сайлануына байланысты бұл лауазымға  облыстық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының ұсынуымен және партияның Орталық аппаратының келісімімен ұсынылып отырған кандидатты таныстырды. 

Ол өз сөзінде 19 қарашада сайлау қорытындысымен партияның облыстық филиалы Төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Қазалы ауданының әкімі болып сайлануына байланысты бос тұрған филиал төрағасы орнына облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынуымен және партияның Орталық аппаратының келісімімен Базартай Жандос Нұртайұлының кандидатурасы ұсынылып отырғандығын жеткізді. 

Қоғамдық ұйымдарды тиімді басқару тәжірибесін жинақтап, мемлекеттік қызметте де жауапты жұмыстарды абыроймен атқарған облысқа танымал азаматтың кандидатурасын Бюро мүшелері бір ауыздан қолдады. 

Бюро отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, Бюро мүшелерімен нақты шешімдер қабылданды.  

Тағы да оқыңыз: