Kyzylorda-news.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында білім министрі Ғани Бейсембаевқа биыл саунада балалар лагерінің ашылуына жол бермеу керек екенін ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Өткен жылы монша және басқа да талаптарға сай келмейтін орындарда жазғы лагерьлер ұйымдастырылғанын көрдік. Биыл мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек. Оны қатаң бақылауда ұстаңыз”, - деді Бектенов.

Еске салайық, 2023 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауылында шілденің ортасында жантүршігерлік оқиға болған еді. Мұнда жазғы демалысын өткізу үшін Алматыдан ондаған бала келген. Алайда мектеп оқушылары жайлы жағдайдың орнына тар, желдетілмейтін бөлмелерге қоныстанған. Сондай-ақ, лагерь саунаның дәл ішінде орналасқан, мұнда сыртта ер адамдар демалатыны белгілі болды.

Прокурорлар лагерь жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қалалық білім басқармасының бюджетінен қаржыландырылғанын анықтаған еді.

Тағы да оқыңыз: