Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қызылорда қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, облыстық полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты жиын өткізілді. 

Жиында құзырлы органдар тарапынан сауда базарлары меншік иелері, сауда үйлері және қоғамдық тамақтану объектілерінің басшылары мен өкілдеріне террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын сауда және қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын талаптар түсіндірілді.

Нұсқаулық талаптарынан туындайтын мәселелер қозғалып, қойылған сауалдарға жауап алынды. Террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2023 жылғы 5 қазанындағы № 366-НҚ бұйрығымен бекітілген нұсқаулықпен реттеледі. 
Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын сауда нысандарына бару арқылы жалғастырылатын болады.

 

Тағы да оқыңыз: