Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Айдар Ахметбекұлы облыс орталығындағы әмбебап және мамандандырылған сауда базарларының жай-күйімен танысып, жұмыс барысын бақылады.

Облыста тіркелген 25 сауда базары тіркелген, оның төртеуі әмбебап сауда базары болып табылады.

Үкіметпен бекітілген жол картасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін барлық әмбебап сауда базарлары жаңғыртылуы тиіс.

Тапсырмаға сәйкес комитет төрағасы сауда базарлары басшылары, тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жиын өткізіп, сауда базарларын жаңғыртуда сауда инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормалары туралы мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпкерлер мен қаржы институттарының тарапынан мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыландыруды жалғастыру, сауда қызметін реттеу және салық заңнамалары аясында жеңілдіктерді қарастыру жөнінде ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар шешімін табатын болады. 

Председатель Комитета торговли прибыл в Кызылординскую область 1.jpg

Тағы да оқыңыз: