Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда сауда қызметін реттеу мәселелері, сондай-ақ «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына енгізілетін түзетулер кеңінен талқыланады.
Жиынға ZOOM-конференциясы арқылы партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес төрағасының орынбасары Ержан Искендер, жауапты басқарма өкілдері қатысты.
Жиын соңында Кеңес отырысынан туындайтын мәселелерді жүзеге асыру бойынша өңірлік кеңес мүшелері талқылап, алдағы міндеттерді пысықтады.
