Kyzylorda-news.kz Еркек ақша таппаса да, оңды-солды жүрсе де, бағы тайып, жолы болмай жатса да әйел кінәлі болады. Сол үшін де қазақ: еркекке сенбе екі босағаңа сен, деп бекер айтпаған шығар.

Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап беріп, көптің талқысына түсті, — деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Егер күйеуіңіз көзіңізге шөп салса, кешірім бересіз бе деген оқырман сұрағына Ырысбал Икрамбай астарлап жауап берді.

«Көпшілігіңіз маған қарсы шығатын шығарсыздар, алайда еркегі көзіне шөп салған барлық әйел ажыраса беретін болса, онда Қазақстанда ажыраспаған отбасы қалмайтын шығар. Ала алмаған атынан көреді, қайтып келіп қатыннан көреді, деген сөз бар. Сол сияқты бізде еркек ақша таппаса да, оңды-солды жүрсе де, бағы тайып, жолы болмай жатса да әйел кінәлі болады. Сол үшін де қазақ: еркекке сенбе екі босағаңа сен, деп бекер айтпаған шығар. Бірақ барлық еркекке топырақ шашпаймын. Оның ішінде менің әкем де, ағам да, бауырым да, досым да бар. Ит итті көрсе иеді, дейді. Осы сөздің мағынасына қараңыз», — деді ол.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі кешіру керек десе, енді бірі кешіруге болмайтынын жарыса жазды.

«Кешірдік қой, ортада қанша бала бар бірақ ұмыта алмайсың», «Кешіру мүмкін емес», «Дұрыс айтасың», «Бәрі әйелді кінәлі қылады, өздерінен көрмейді», — деп жазды оқырмандар.

Фото: irisbala__ikrambai_official инстаграм парақшасынан

Тағы да оқыңыз: