Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру мен санитариялық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында құрылған жұмысшы топпен бірге жүргізіліп жатқан шаралардың орындалу барысын аралап көрді.

Аудан әкімі рұқсатсыз төгілген қалдықтарды жою, жасыл желектерді күтіп-баптау, аулаларды абаттандыру және көше бойындағы көркейту жұмыстарын аралап көріп, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен қатар, меншік түріне қарамастан барлық нысан иелеріне «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақтарды абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтау тәртібі түсіндірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, Қызылорда облыстық мәслихатының №112 шешімімен облыс аумағын абаттандыру қағидалары қабылданды. Қағидалардың басты мақсаты – тұрғындар үшін қауіпсіз, таза және жайлы орта қалыптастыру.

Ережелер барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты. Онда аумақты тазалау, ғимарат қасбетін күтіп ұстау, көгалдандыру, құрылыс барысындағы тәртіп, балалар алаңдарын, жануарларға арналған орындарды және қоқыс жинау тәртібін сақтау міндеттері нақты көрсетілген.

Тағы да оқыңыз: