Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының жастарына арналған «Самғау» сыйлығы бұған дейін 9 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Қызылорда қаласынан 90 жас марапатталған.
Биыл 10-шы рет ұйымдастырылғалы отырған «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау 22 қараша мен 5 желтоқсан күндері аралығында жүргізіледі.
Ереже талаптарына сәйкес сыйлыққа үміткер ретінде 14 пен 28 жас аралығындағы Қызылорда қаласының жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.
Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі:
– «Ғылыми ізденіс» (ғылым саласы);
– «Жас қалам» (журналистика саласы);
– «Жігерлі жас» (белсенді жас);
– «Серпін» (спорт саласы);
– «Батыл жүрек» (ерлігі үшін);
– «Жас дарын» (мәдениет саласы);
– «Озық ой» (IT саласы);
– «Өндіріс өрені» (өндіріс саласы);
– «Мейірім» (әлеуметтік сала қызметкері);
– «Абзал жан» (медицина саласы).
Сұрақтар бойынша: +7 776 567 32 32 (Qosyl whatsapp), (Толық ереже Qosyl телеграм каналында).