Kyzylorda-news.kz 3 қыркүйекте Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Журналист Михаил Козачковтың сөзінше, Қайрат Сатыбалдыұлын Самат Әбіш күтіп алған. 

Айта кетейік, Самат Әбіштің өзі 8 жылға шартты түрде сотталған болатын. Сот үкімімен Самат Әбіш ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот жаза тағайындар алдында Самат Әбіштің кішкентай балаларының болуын және оның шын жүректен өкінуін ескерген. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмапты.

Ал Қайрат Сатыбалды қалған 3 жыл, 3 ай және 7 күн жаза мерзімін Алматыда пробациялық бақылауда болып өтейді. 

16 тамызда Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны белгілі болды. Оның жазасын шектеу шарасына ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылған. 

Бұл туралы Өскемен соты хабарлады.

"Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады. Қайрат Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен", - деп жазды сот.

Ал бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи белсенді түрде активтерін қайтарып жатқан Қайрат Сатыбалдыұлы бостандыққа шығуы мүмкін деп қауіптеніп, артынша оның болжамы орындалды.

Тағы да оқыңыз: