Kyzylorda-news.kz. «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 14.00 «Арай сити мол» сауда үйінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, халық банкінің филиалында  республикалық акция  ұйымдастырылады.

Акцияның мақсаты Қаржы министрлігі қызметінің қол жетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (Салық кодексі) жаңа өзгерістерді түсіндіру.

 Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарда пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

Осылайша, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағы нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Яғни, салықтық міндеттеме мен талап бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босату бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заннына жана 57-4 бабы еңгізілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы

1 қаңтарға дейінгі кезеңде  арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

1) Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);

2) Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;

3) Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.

Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.

Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды».

Патент

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодекстің 685 – бабының 1-тармағы жана редакциясында күшіне енгізілді.

Салық кодекстің 685 – бабын 1 – тармағына сәйкес  патент негізінде арнаулы салық режимін Салық кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сай келумен қатар:

1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;

3) біреу немесе бірнесе келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыратын:

  • сылақ жұмыстарын;
  • ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
  • еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
  • бояу және шынылау жұмыстарын;
  • такси қызметін;
  • автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
  • сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
  • фотография саласындағы қызметті;
  • аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
  • мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  • көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  • ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  • бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
  • басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  • есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  • спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
  • мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
  • басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
  • қосалқы білім беру қызметтерін;
  • өнер саласындағы қызметті;
  • компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
  • коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
  • жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
  • шаштараз қызметтерін;
  • маникюрді және педикюрді;
  • ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
  • жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
  • музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
  • үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

Бірыңғай жер салығы

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығы негізіңде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушінің салық салу объектісі кіріс болып табылады (кіріс оңайлатылған декларацияғыдай  анықталады – барлық кірістер шығыссыз, бірақ жыл бойынша). БЖС ставкасы кірістен 0,5% мөлшерінде құрастырылды.

Тіркелген салық

Салық кодекстің «Тіркелген салық» 17 тарауы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық жойылады.

Ойын бизнесі салығы

Салық кодекстің 539 және 540 баптары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойындарға салынатын қосымша салық жойылады.

Бұл ретте, Салық кодекстің 222 – бабының 1-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесі саласындағы және ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ  айырбастау пунктінің уәкілетті ұйымдар корпоративтік табыс салығының салық төлеушілер болып табылады.

Жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Заңнын 27 және 28 баптарына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы (есептеу объектісі –еңбекақы шегеру МЗЖ, бірақ 10ЕТЖ көп те емес), дара кәсіпкерлердің жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді (есептеу объектісі – 1,4ЕТЖ).

Акциздердің ставкалары бойынша

Салық кодексінің 463-бабының 4 – тармағына сәйкес (14, 15, 21, 22 – жолдары) 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап сигареттерге акциз ставкалар 13,8% өсті (2019 жылда 8700 тенге/1000 данаға).

Темекі өнімдеріне арналған акциз ставкаларын жоғарлату 2006 жылы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған темекіге бақылау бойынша Негіздемелік конвенцияны (бұдан әрі – Негіздемелік конвенция) іске асыру бойынша қажетті шара болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан акциздер мөлшерлемері:

 – өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) көтерме саудада өткізуі 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 1 тоннаға 24 935 теңгені;

– импорттау кезінде 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– салық кодексінің 462-бабы 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру                   1 тоннаға 24 435 теңгені құрайды.

Камералдық бақылау

Камералдық бақылау нәтижесімен қалыптастырылған хабарламаны орындалмаған деп тану туралы Мемлекеттік кірістер органдарының Шешімі салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы, электронды түрде жолданады.

Салық төлеуші Шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасайды. (Салық кодексінің 96-бабының 4-1 тармағы).

Шағымның көшірмесі шешімді жіберген салық органына жіберілуі тиіс.

Бұл ретте, уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда салық төлеуші салықтық тексеріс нәтижесі туралы хабарламаға шағым түсірген жағдайдағыдай шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы ұқсас норма жазылған.

Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру  Шешімге жоғары тұрған салық органына (МКД, МКК) немесе сотқа шағым берген кезде жоғарғы органның шешімі не (немесе) сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау.

Салық кодексінің 71-тарауына өзгерістер жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшу көзделген.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты

Салық кодексінің 166-бабында қызметін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып және арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілердің 2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап БКМ қолдануға өтуді қарастыратын норма күшіне енеді.

Онлайн-БКМ қолдану талаптары жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда өз қызметін жүзеге асыратын бизнес субъектілеріне таратылмайтынына назар аударамыз.

Тағы да оқыңыз: