Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің міндетін атқарушы Данияр Еренғалиұлы өткізген мәжілісінен кейін, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков салық мәселелері мен аудан тазалығы туралы арнайы мәжіліс өткізді.
Салық мәселесі бойынша аудан басшысы тұрғындарға салық төлеу мәдениетін арттыру қажеттілігіне назар аударды. Әсіресе, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін уақытында орындауы маңызды екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде аудан бюджетінің қалыптасуына және қоғамдық қызметтердің сапасын арттыруға үлес қосады.
Сонымен қатар, аудан тазалығы мәселесі де басты назарда болды. Аудан әкімі мекеме басшылары мен жауапты тұлғаларға қысқы кезеңде қардан тазарту, көше бойындағы қоқыстарды жинау және қоғамдық орындарды таза ұстау бойынша нақты тапсырмалар берді. Тазалық тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның да ортақ міндеті екені айтылды.
Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі