Kyzylorda-news.kz ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елеманов Асқар Сейдекәрімұлы партия алаңында қабылдау өткізді.
Қабылдауға қатысқан азаматтар мүлік салығын төлеу мерзімі, банкроттық рәсімі және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тақырыптарын қозғады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың мүліктері бойынша салықтар жылына бір рет төлем жүргізуге жатады.
Оңайлатылған салық декларациясы және басқа да режимдер біріктіріліп бөлшек салықтың арнаулы салық режимі негізінде жұмыс жасау көзделуде.
Салықтық кесте бойынша 2000 жылғы автокөліктердің салық жүктемесіне ешқандай өзгеріс енгізілмеген.
2026 жылдан бастап жаңа «Салық Кодексі» бойынша 10 жылдан асқандарға 0,7, 20 жылдан асқандардың салығынан 0,5 пайызы азайтылады.
Келесі жылы Салық Кодексіне өзгерістер енгізілуі күтілуде. Оңайлатылған салық декларациясы және басқа да режимдер біріктіріліп бөлшек салықтың арнаулы салық режимі негізінде жұмыс жасау көзделуде. Қосымша құн салығы мен жылдық шекті табыс көлеміне өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Осыған сәйкес жеке кәсіпкерлердің ҚҚС-ның жылдық шекті табысынан асып кетпеуін болдырмау мақсатында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану керектігі ескертілді.
Банкроттық рәсіміне тапсыру заңдылықтары түсіндірілді. Қолданыстағы Заңға сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану талаптарына сәйкес жалпы қарызы 6 291 мың тг (1600 АЕК) асу қажет.
Банкроттық рәсім бойынша тұрғынға заңдылықтар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Банкроттыққа өтудің алғышарттары мен қажетті құжаттар тізімі айтылды. Сонымен қатар, банкроттыққа өтудің салдары туралы, оның ішінде, 5 жыл көлемінде ешбір несие алуға мүмкіндігі болмайтыны жеткізілді.
