Kyzylorda-news.kz. Биыл 1 сәуірде жеке тұлғалардың 2022 жылға арналған көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады, - деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер департаменті.

Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькуляторды немесе E-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

"Салық органдары есептеген төленетін салық сомасы Kaspi Bank АҚ және Halyk Bank АҚ мобильді қосымшаларын қолданушыларын PUSH хабарламасы түрінде жіберілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Есептелген салық сомаларын, сондай-ақ, Kaspi Bank АҚ, Halyk Bank АҚ мобильді қосымшаларынан және E-Salyq Azamat қосымшасынан білуге ​​болады.

 

Тағы да оқыңыз: