Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аудан бюджетінің орындалуы және салық базасын ұлғайту мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Күн тәртібінде 2025 жылдың 26 маусымына аудан кірістерінің орындалу жоспары, бюджеттік түсімдерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі, салық төлеушілерді тіркеу барысы және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы қаралды.
Аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына бюджет кірісін арттыру үшін тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және дер кезінде тіркеуге қою, салық берешектерін өндіру бағытында кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Мәжіліс қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуына бақылау жасау тапсырылды.