Kyzylorda-news.kz Бүгін облыс әкімінің мәжілісінен кейін шаһар басшысы Нұржан Ахатов өткізген арнайы жиында салық базасын ұлғайту мәселесі қаралды.
– Салық базасын ұлғайту - күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Біз шаһарымыздың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруда барлық кіріс көздерін есепке алып, салық түсімдерін ұлғайтуымыз қажет. Ол үшін мүмкіндік мол. Тек мақсатты істі сапалы үйлестіріп, міндетті төлем жасау жүйесін тиімді ұйымдастыру керек, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Жиында қала әкімі жоспарланған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға бақылауды күшейтуді тиісті сала басшыларына тапсырды.
Фото: Қала әкімінің баспасөз қызметі