Kyzylorda-news.kz Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қызылордалық қызға 18 миллионға жуық көмек қаражаты жиналды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мәлімдеді.

Инстаграм парақшасына жазған жазбасында ол қызылордалық қызға көмек жинағанын хабарлаған еді.

“Сексуалды құлдыққа тап болған оқушыға жиналған 17 миллион 985 мың теңгенің 922 мыңы 14-19 тамыз аралығында қыз бен оның отбасына қажет болған заттарға жұмсалған. Тізімде азық-түлік, дәрі-дәрмектер, кеңсе тауарларымен қатар, қызға сыйлық ретінде сатып алынған шпиц күшігі де бар.

Сонымен қатар «НеМолчи» қорының есебі көрсеткендей, жыл соңына дейін үш адвокатқа 6 миллион 244 мың теңге жұмсалады. Сонымен қатар, күнделікті шығындарға қосымша 1 миллион 436 мың теңге бөлінеді”,- деп жазды ол.

 

Тағы да оқыңыз: