Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы білім алушыларға арналған «Салауатты қарым-қатынас: шекара, сенім және жауапкершілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге салауатты қарым-қатынастың психологиялық негіздерін түсіндіру, жеке шекараны сақтауға, өзара сенім қалыптастыруға және қарым-қатынастағы жауапкершілікті сезінуге қажетті дағдыларды дамыту.
Семинар барысында қатысушыларға жеке шекара ұғымы мен оның түрлері таныстырылып, салауатты және уытты қарым-қатынастың ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерін анықтау, олардың алдын алу және күрделі жағдайларда психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы айтылды.
Тренинг барысында білім алушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, өзара пікір алмасты. Іс-шара студенттердің психологиялық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі құрметке негізделген қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталды.
