Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, онда Сайлауалды бағдарлама аясында өткен жылы кешіктірілген, сонымен қатар ағымдағы жылы орындалмау қауіпі бар іс-шаралардың алдын - алу мәселелері талқыланды.

Партияның орталық аппаратымен бірлескен жиынға ZOOM платформасы арқылы партияның Партиялық бақылау Комитетінің және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі Ануар Ильясова және Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Арман Евниев сонымен қатар партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі, комиссия мүшелері, жауапты басқарма басшылары мен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қатысты.

Жалпы өткен жылы Сайлауалды бағдарлама аясында жоспарланған іс-шараның 97,4% - ы орындалды. Соның ішінде білім саласы бойынша 3250 орындық 8 білім беру ұйымдарының ғимараттары пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін 1,6 мың орындық 14 жеке меншік балабақша ашылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауылдық елді мекендерде 16 медициналық нысан пайдалануға беріліп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде. 30 резидентке 162,5 млн. теңге грант бөлініп, облыстың 348,3 мың тұрғыны скринингтік тексеруден өтті. 1 МРТ аппараты және 6 рентген аппараты алынды. 11 мәдени нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті маңызы бар жолдардың 188 шақырымы орташа және ағымдағы жөндеуден өтті. 5 көпір құрылысы аяқталып пайдалануға берілді және 4 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 13 елді табиғи газға қосылды. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 250 мың гектар алқапқа сексеуіл егіліп, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін 700-ден астам контейнер орнатылды. Алайда мемлекеттік сатып алу конкурсы, қажылық мәселелер, микрокредит беру қағидаларына сәйкес кешіктірілген жобалар болды. Бұл бағытта облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбәраков кеңінен атап өтті.

Отырыста партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова сөз алып, партиялық бақылау комиссиясы, фракция мүшелері мен бағдарлама әкімшілерінің бірлескен жұмыстары нәтижесінде Сайлауалды уәделердің сапалы орындалып отырғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ағымдағы жылы да Жол картада жоспарланған жұмыстар сапалы және мерзімінде орындалатындығын атап өтті.

Жиын қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты көтерілген ұсыныстар назарға алынып, жұмыс барысында ескерілетін болды.

447291920_866334212198883_7116018972219324067_n.jpg

Тағы да оқыңыз: