Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Өңірді дамыту» және «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Аталған қоғамдық кеңестің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының 25, 26, 27, 28 тармақтары мен қоғамдық кеңес тарамынан берілген хаттамалық ұсыныстардың орындалуы туралы, аудан жастарын жұмыспен қамту, оқыту және кәсіпкерлік бағдарламалардың орындалуы және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру» жұмыстары туралы туралы тиісті сала өкілдерінің хабарламалары тыңдалды.

Жастарды жұмыспен қамту, оқыту және кәсіпкерлік бағдарламалардың орындалуы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Жастарды жаңа бизнес идеялармен кеңес беруге, жаңа бастамаларды ашуға бірлескен түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынысы жеткізілді. Жастардың жұмыссыздық деңгейін түсіруге байланысты тиісті іс-шараларды қолға алу керектігі айтылды.

Аталған кеңеске арнайы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысып, сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының тармақтары бойынша бірқатар сауалдар қойып, орындалуы бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Партияның сайлауалды бағдарламасың тармақтарында көрсетілген іс-шаралар бойынша хабарламашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар хаттамаға түсіріліп, тиісті жұмыстардың орындалуы кеңес мүшелері назарында болады.
 

4.jpg

Тағы да оқыңыз: