Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесі отырысы өтіп, онда аймақтың Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген  өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің даму бағыты бойынша біршама мәселелер қаралып, талқыланды.

Жиынға аймақтық кеңес төрағасы Б,Махашов, облыстық  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармалары, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары және кеңес мүшелері қатыстырылды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес аймақтық  Жол картада көрсетілген индикаторлардың  бүгінгі күнге дейін орындалуы, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер жайлы ұсыныстар және  "Ауыл аманаты" партиялық жобасының іске асырылу барысы қаралды.

Мәжілісте көтерілген мәселелерге сәйкес тиісті сала өкілдері хабарламалар жасап, кеңес мүшелері тарапынан түскен сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ кеңес отырысына қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді.

Тағы да оқыңыз: