Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы Шаменов, партияның қалалық филиалының депутаттық фракция Төрағасының орынбасары Раушан Жәдігерқызы Ысқақова және фракция мүшелері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы негізіндегі Қызылорда облысы бойынша Жол картасының қалаға қарасты іс-шараларының орындалу барысы бойынша қала әкімі Асылбек Шәменов баяндама жасады.

Жалпы «АМАNАТ» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында барлығы 122 іс-шара қамтылған, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 52 іс-шараның орындалуы жоспарланған.

Ал 2023 жылы Қызылорда қаласында 50 іс-шараның орындалуы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 36-ы (72%) іс шара бүгінгі күнге орындалса, қалған 14 (28%) іс-шара орындалу үстінде.

Отырыс барысында фракция мүшелері өңірлік сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.

408836550_753105996855039_7195026401674218749_n.jpg

Тағы да оқыңыз: