Kyzylorda-news.kz. Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың парызы.

Парламент Мәжілісінің сайлауы тура Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында өтеді. Кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді. Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Алдағы сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады. 19 наурыздағы сайлау – Жаңа Қазақстан құрудың басты қадамдарының бірі. Еліміздің болашағы үшін, барлық азаматтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Ғани БАЙҰЛЫ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы

Тағы да оқыңыз: