Kyzylorda-news.kz.  Сайлау учаскелірнің бірінде ұлттық тағам ұсынылса, бірінде ән әуелеп, дауыс берушілер арасында ұлттық ойындар ойнатылды.

336448660_142019671865532_7293941908378122451_n.jpg
Соның бірі №263 сайлау учаскесі. Наурыз мерекесі қарсаңында болып жатқан айтулы науқан барысында сайлау учаскесі маңында тігілген киіз үйде ыстық бауырсақтан дәм татқан сайлаушылар керемет көңіл-күйде лебіздерін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

336464888_117592901236077_7542538106134925869_n.jpg
336466983_996077414711499_5715805280559820946_n.jpg336418972_5924630557632513_3630582779044761950_n.jpg

Тағы да оқыңыз: