Бүгін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай Қазалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №56 сайлау учаскесінде «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты тақырыптық кітап көрмесі өткізілді.
Көрменің негізгі мақсаты – сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен жетістіктерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ азаматтардың ел тағдырына деген жауапкершілігін нығайту.
Кітап көрмесіне еліміздің тәуелсіздік тарихы, мемлекеттілік негіздері, ұлттық құндылықтар, азаматтық қоғам және қоғамдық-саяси өмір тақырыптарын қамтитын танымдық әдебиеттер мен басылымдар қойылды.
Көрме арқылы сайлаушыларға ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтары кеңінен таныстырылып, өскелең ұрпақ пен көпшілік арасында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға мән берілді.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз, ал азаматтық таңдау – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Сайлау кезінде «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қоғам
29.11.2026 18:17
