**Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдағанын атап өтті.
**

Елімізде алғаш науқастар тіркелген сәттен 15 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Сол уақыттан бері мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Ел басына күн туғанда дер кезінде шешім қабылдаған Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің тәжірибелі басшы екенін тағы бір дәлелдеді.

Президент әрбір қабылдаған шешімі арқылы қиын шақта әрбір қазақстандық індетті жеңіп, өз арманына қол жеткізе алатынына деген сенім ұялатып, жігерлендірді.
Сондықтан әлемді дүрбелеңге салған індетті жеңу үшін ең алдымен бірлік керек. Әрбір адам өзіне, отбасына жауапкершілікпен қараув қажет. Себебі ұлттың денсаулығы – мемлекетіміздің болашағы.

Сондықтан, бойымыздағы ізгі қасиеттерді дамыта отырып, ұрпаққа дарыту керек.
Біз мықты, небір қиындықтарды жеңе білген үлкен тарихы бар елміз.
Ынтымағымыз бен ырысымыз, бірлігіміз бен тірлігіміз нығая берсін!

Сайдселим ХАЗУЕВ, Қызылорда облысындағы шешен этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Тағы да оқыңыз: