Саид Молдақараев: Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Саид Молдақараев: Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз

22.02.2021, 15:20

407 0

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында 20-шы ақпан күні 2013 жылы туған екі бала жоғалып кеткен болатын.

Екінші сынып оқушылары сол күні күндізгі 10:30 шамасында «Маяк» спорт кешенінен шыққан. Содан із-түссіз жоғалып кетті. Ертесіне бір баланың денесі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды. Ал екіншісі әлі іздестірілуде. Жалпы, іздестіру жұмыстарына 267 адам, 29 бірлік техника, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

«Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз. Одан бөлек кинологиялық қызметкерлер 5 шақырым қашықтықта өзен жағалуымен іздеу жұмыстары жүргізілді. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесін бермей тұр. Іздестіру жұмыстарын жалғастыра береміз», – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Айта кетейік, аталмыш оқиғаға Қызылорда облысының ТЖД 10 қызметкер, 2 автокөлік, Байқоңыр қаласы ІІМ өкілдігінен 35 қызметкер, 7 бірлік автокөлік, Байқоңыр қаласы РФ ІІМ-нен 150 қызметкер, 15 бірлік техника, 1 тікұшақ, РФ ТЖМ 32 қызметкер 1 автокөлік және балардың туысқандары мен волонтерлерді қоса есептегенде 40 адам, 5 бірлік автокөлік жұмылдырылған.

0

Пікір қалдыру