Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының аумағындағы Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы – 1 274 шақырымды құрайды. Қорғаныс бөгеттерінде қауіпті деп танылған 56 су басу аймақтарына 197 жауапты мекеме бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.
«Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағасына жіберілген су көлемі секундына – 100 текше метрді құрады. Облыс аумағынан секундына -160 текше метр су келіп түсуде. Сәйкесінше, Қызылорда су торабынан – 105 текше метр, Әйтек су торабынан – 53 текше метр, Қараөзек су қоймасынан – 48 текше метр су төменгі ағысқа жіберілуде. Қазіргі таңда, Сырдария өзені бойымен мұз Арал және Қазалы аудандарынан өтуде. Қала тұсындағы өзен беті мұздан таза. Су тасқынының алдын алу бойынша 13 рейд жүргізіліп, 597 үй араланды», – деді Саид Молдақараев.
