Kyzylorda-news.kz Қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық нәтижелілігі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, олардың бастамашылдығына және ел дамуындағы негізгі бағытқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы» деп айтуы тегін емес. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігін тұрақты арттыру – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басты миссиясы десек қателеспейміз.

Ағымдағы жылдың 1-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалы базасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсы өттті. Бұл туралы курс тыңдаушысы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Сәулет Сахиев баяндады.

«Курс барысында 3 модуль қарастырылған олар, тұлғалық  және кәсіби дағдыларды дамыту мен ұйымдастырушылық әлеуетті арттыру. Бұл мемлекеттік қызметшіге ең басты қажетті білімдер екені белгілі. Курс барысында белгілі психологтар мен журналистер және әр саланың тәжірибелі мамандары тренингтер, лекциялар және кездесулер өткізуде. Бұл сабақтар арқылы оқытушы тек ақпарат берумен айналысып қана қоймай, тыңдаушыларды жеке, жұптық және топтық жаттығуларға жұмылдыру арқылы, ұжымдық мүдде аясында олардың дербес ой қорытындыларын жасауларын, қалыптасқан көзқарастар жүйесін өзге, жаңаша қырынан қарастыруларын басқара отырып, кәсіби біліктіліктерінің өсуімен қатар, дүниетанымдарының кеңеюіне ықпал етуде.

Облыс деңгейіндегі кез-келген сатыдағы мемлекеттік қызметші билік пен халық арасындағы “алтын көпір” іспеттес. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың курсының мақсатында, басшының витальды және эмоционалды интеллектісі, көпшілік алдында сөйлеу, басқарушының сөз мәдениеті, коммуникациялық менеджмент, стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу және т.б. тақырыптар курс барысында оқытылуда.Сонымен қатар, курс тыңдаушыларына аналитикалық жазба мен өзгерістерді басқару жобасы аясында өзіндік жұмысты жазып, қорғау тапсырылған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшінің қандай да бір мәселені саралап, зерттеуді, оған баға беруді үйретіп және өзгерістерді басқару арқылы  көшбасшылық қасиетін шыңдайды.

Курс барысында облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамов, облыстық мәслихат депутаттары М.Нәлібаев, Б. Шаменова және Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі А.Тағыберген, мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жатқан тәжірибелі мамандар практикалық, интерактивті сабақтар өткізді.

Үш апталық оқу курсына келген 20-ға жуық мемлекеттік қызметші кәсіби тәлімгерлердің көмегімен білікті басшыларға айналатыны сөзсіз. Әр күнгі сабақ бір-біріне ұқсамайды және уақытты тиімді пайдалану мақсатында тиянақты түрде жасалған жоспар, курс тыңдаушыларының қызығушылығын арттырып, берілген ақпаратты тез қабылдауына барлық жағдайлар жасалынған. Бұндай жүйелі түрде оқыту курсы басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді кәсіби шыңдап,ел дамуы жолындағы қызметін табысты етеді», - деді Сәулет Ерназарұлы. 

Тағы да оқыңыз: