Kyzylorda-news.kz Жол сапасын жақсарту өңірдегі маңызды факторлардың бірі. Ал асфальттың қалай дайындалатыны, өндірістегі түрлі процесстер көпшілікке беймәлім. Бұл тұрғыда шаһардағы УАД компанияларының асфальт-бетон шығаратын зауыттары татымды тірлік атқаруда. Қаламыздағы «Қыран» ЖШС асфальт-бетон зауытының қуаттылығы сағатына 160 тонна асфальт дайындайды. Зауыт жұмысын жүйелеуге 300 адам жұмылдырылған. Әрине, жол сапасын жақсарту маңызды. Себебі сәтті сапар сапалы жолдан басталады.
– Бізде техникалар жеткілікті. Қызметкерлердің жұмысына сай қамтылған. Түтін, иіске байланысты тұрғындардан шағым жоқ. Себебі бізде арнайы фильтрлер орнатылған. Экологияға зияны жоқ. Жалпы біздің зауыт барлық стандарттарға сай. Ең бірінші сапаға мән береміз. Себебі жұмыста олқылық болмауы керек. Алдағы уақытқа жоспар көп. Шыққан өнім түгел аймақты қамтып жатыр, – деді «Қыран» ЖШС асфальт зауытының басшысы Руслан Жүргенов.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі