Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 23 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады.
Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс циклон әсер етуде: жаңбыр жауады, кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және қиыр солтүстікте найзағаймен шаңды дауыл сақталады, бұршық жаууы ықтимал.
Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
