Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбіде елімізде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, тұман түсіп, түнде кей өңірлерді үсік жүреді, деп хабарлайды Қазгидромет.

22 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде фронтальдық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында күн бұлттап, найзағай жарқылдайды, солтүстігінде аздаған жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында күн райы ашық болад. Еліміздің солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал.

Тағы да оқыңыз: