Kyzylorda-news.kz Сәрсенбіде елімізде күн ыстық болады, кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
21 шілдеде көшпелі циклонның атмосфералық ағындарына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады. Өткінші жаңбыр жауады, найзағайжарқылдайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек еліміздің солтүстігінде күн райы ашық болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.