Kyzylorda-news.kz. 10 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, оңтүстікте жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жаяу бұрқасын мен 15 м/с күшпен жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Тағы да оқыңыз: