Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 27 мамырда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.
Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан күн ашық болады.
Тек республиканың шығысында ғана Солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Бұршақ жаууы ықтимал.
Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертен тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы – 15-20 м/с, 25 м/с болады. Шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с, Түркістан облысында – 23 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, түнде Ақтобе, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдайды.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Манғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.